Accessibility links

"Хезб-и-Ислами" өкілдері ауған президентімен кездесті


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Кабулда жауынгерлік "Хезб-и-Ислами" тобының жоғары дәрежелі делегациясымен кездесті. Бұл хабарды Карзайдың баспасөз хатшысы Уахид Омер растады. Дүйсенбі күнгі кездесуде Карзайдың үкіметіне қарсы күресіп келген "Хезб-и-Исламимен" арадағы бейбітшілік келіссөздері талқыланды дейді Омер. Оның айтуынша, аталмыш топтың делегациясын бұрынғы премьер-министр Қутбуддин Хелал басқарған.

Гулбуддин Хекматияр жетекшілігіндегі "Хезб-и-Ислами" тобы Ауғанстанның шығысы мен солтүстігінде НАТО және ауған үкіметінің күштерімен күрескен. Осы айдың басында аталмыш топтың жауынгерлері билік орындарын қолдауға әзір екендерін хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG