Accessibility links

Қызыл крест: 880 млн адамның таза су ішуге мүмкіндігі жоқ


Халықаралық "Қызыл крест" ұйымының мәліметінше, әлемде шамамен 880 миллион адам таза сусыз отыр, ал 2.7 миллиард адам санитарлық бақылау мекемесіне қайырылу мүмкіндігі жоқ. Дүниежүзілік су күнін атап өткен Қызыл крест пен Қызыл ай қоғамдастығы федерациясы ғаламдық ауа-райының өзгеруі мен жоспарланбаған урбанизация шаралары және миграция әлемдегі кедей қауымдастықтарға теріс әсер етуде деп мәлімдеді.

Бұл жылғы Дүниежүзілік су күні судың сапасы туралы тақырыпқа арналып отыр.
XS
SM
MD
LG