Accessibility links

Нетаньяху: Иерусалим Израилдің астанасы


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху Иерусалим қоныстану емес, ол Израилдің астанасы, біздің онда құрылыс жасау құқымыз бар деді.

Вашингтонда Израилдің мүддесін алға тартатын американ-израиль қоғамдық істер жөніндегі комитетінде сөйлеген Нетаньяху Иерусалимдегі еврей аудандары Израилдің Палестинамен қандайда бір бейбіт келісімінің бір бөлігі болып қала береді деген.

Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израилдің даулы Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салу саясаты Палестинамен бейбіт келіссөздер процесіне кедергі жасайды деген.

Израиль таяуда Шығыс Иерусалимде жаңадан 1,600 еврей қоныстарын салу жөніндегі шешімдерін жариялап, Обама әкімшілігінің сынына тап болған болатын.
XS
SM
MD
LG