Accessibility links

АҚШ Ауған президентінің жаугерлік топпен келіссөзін сақтықпен қоштады


Құрама Штаттар Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен бұл елдегі екінші үлкен бүлікшіл топ арасындағы келіссөздерді ақырын ғана қоштап отыр.

Мемлекеттік департамент өкілі Филипп Кроулей бұл туралы дүйсенбі күні кешкісін Карзайдың Хезб-и-исламидің өкілі Гулбуддин Хекматиярмен тікелей келіссөздер өткізгені нақтыланған соң айтты.

АҚШ өкілі Ауғанстан үкіметінің елде бітім жасау мақсатындағы бүлікшіл топ мүшесімен келіссөзін Вашингтон қолдайды деген. Алайда қандайда бір келісім аясында жаугерлік топ бүлікшілер атысын қолдауды тоқтату керек, ауған конституциясымен өмір сүріп, қақтығыстан бас тартып,әл-Қаида және басқада террорлық ұйымдармен байланысын үзуі керек делінген департамент өкілінің мәлімдемесінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG