Accessibility links

Қазақстан сыртқы істер министрінің Жапонияға сапары басталды


ЕҚЫҰ-ның төрағалығындағы Қазақстанның сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ресми сапармен Жапонияға барды.

Бұл туралы хабарлаған "Интерфакс-Казахстан" агенттігінің айтуынша, Саудабаевтың сейсенбі күні Токиоға басталған екі күндік сапарында Жапония премьер-министрі Юкио Хатоямамен, парламент спикері Такахиро Йокомичи және сыртқы істер министрі Кацуя Окадомен кездесулері жоспарланған.

Саудабаев бастаған қазақстандық делегация құрамында "Қазатомпром" ұлттық компантиясының басшысы Владимир Школьник пен жаңа технологиялар және индустрия вице-министрі Ерхат Ескалиев сынды ресми өкілдер бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG