Accessibility links

Вацлав Хавел аурып қалып Британия ханзадасымен кездесе алмады


Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Хавел денсаулығына байланысты Ұлыбританияның ханзадасы Чарльзбен кездесе алмайтын болды. Ханзада Чарльз бен оның әйелі Камилла Орталық Еуропаға сапарын Прагада аяқтап отыр.

73 жастағы Хавел сондай-ақ сәрсенбі күні Грузияға жоспарланған екі күндік сапарын да кейінге қалдырды. Коммунистік режимге қарсы күресіп, бірнеше жыл түрмеде отырған диссидент Хавелдің денсаулығы соңғы кездері нашарлай бастаған.

Оның тыныс алу жолына 1996 жылы хирургиялық операция жасалып, өкпесінің бір бөлігі алынып тасталған. Вацлав Хавел коммунистік режим құлаған 1989 жылдан кейін 13 жыл президенттік қызметті атқарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG