Accessibility links

Обама денсаулық сақтау заңына қол қойды


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама осыған дейін медициналық сақтандыруы болмаған 32 миллион американдықтың денсаулығын қамсыздандыратын құны 938 миллиард долларлық денсаулық сақтау реформасы заңына қол қойды.

Обама медициналық сақтандыру жүйесін реформалайтын заң жобасына Ақ Үйдің алдында салтанатты шарада қол қойды. Ол Құрама Штаттарда американдықтар күресіп келген заң күшіне енді деді.

Жексенбі күні кешкісін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Обаманың жоспарын бірқатар өзгерістер енгізіп қабылдаған.
Бұл заң жобасы Конгресте қызу пікір талас тудырған жоба болды. Республикандықтар бұл өте қымбат реформа деп қарсылық танытып келген.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG