Accessibility links

Нетаняху Обамамен кездесті


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху Ақ үйде президент Барак Обамамен келіссөз өткізді.

Израилдің Шығыс Иерусалимде қоныстарды кеңету туралы жоспарына байланысты АҚШ пен Израиль қарым-қатынастары шиеленісе түсті. Екі үкімет арасындағы теке-тірес белгісі ретінде Обама мен Нетаняху суретке түспеді және журналистердің алдында сөз сөйлемеді. Ресмилердің айтуынша, Обама мен Нетаняху сейсенбі күні түнде екі жеке кездесу өткізген. Келіссөздерде қандай мәселелер көтерілгендігі жөнінде ресми мәлімдеме жарияланбады.

Оның алдында АҚШ конгресінің басшыларымен кездесуі барысында Нетаняху палестиналықтармен арадағы бейбітшілік келіссөздерінің қайта басталуы тағы бір жылға кешіктірілуі мүмкін деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG