Accessibility links

Қырғызстан "қызғалдақ" төңкерісінің 5 жылдығын атап өтуде


Қырғызстан бұрынғы президент Асқар Ақаевты биліктен құлатқан жаппай наразылық шараларының 5 жылдығын атап өтуде. Батыста 2005 жылғы оқиғалар "қызғалдақ" төңкерісі деп аталып кетті.

Сол кездегі шерулерден кейін президент болып сайланған Құрманбек Бәкиев саяси реформаларды жүзеге асырып, жемқорлықты жоюға уәде еткен болатын. Оппозиция енді Бәкиевтің өзін жемқорлықта айыптап отыр.

Сейсенбі күні Бішкек пен Ошта Бәкиевке қарсы шерулер барысында оппозицияның ондаған қолдаушысы тұтқындалды. Бұл уақытта Бішкекте өткен бейресми халықтық ассамблеяда сөйлеген сөзінде Бәкиев өз еліндегі батыстық үлгідегі демократияны қайта қарайтын уақыт келді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG