Accessibility links

Душанбе жүк пойыздарына байланысты Ташкентке наразылық танытты


Тәжікстан премьер-министрі Оқил Оқилов Өзбекстан Тәжікстанға аттанған жүк пойыздарының тоқтатылуына байланысты техникалық проблемаларды сылтауратып отыр деп мәлімдеді.

Соңғы екі айда Өзбекстан жүк пойыздарының өз жері арқылы Тәжікстанға өтуіне тосқауыл қоя бастады. Қазір Өзбекстанда құрылыс материалдары мен алюминді заттар сондай-ақ отын тиелген мыңға жуық поезд тоқтап тұр делінеді.

Осыған байланысты наразылық таныту үшін Тәжікстан сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні өзбек елшісін шақыртып алды.
XS
SM
MD
LG