Accessibility links

Қызылағашта құтқару жұмыстары аяқталды


Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында құтқару жұмыстары аяқталған. Қазір із-түссіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары атқарылуда, сондай-ақ, елдімекенді қайта қалпына келтіру, тұрғындарға көмек көрсету шаралары іске асуда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, наурыздың 11-нен 12-не қараған түні Қызылағаш ауылына жақын жерде орналасқан су бөгенінің бұзылуы салдарынан аталмыш елдімекенді су шайып кеткен болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, су тасқынынан құрбан болғандарың саны 43-ке жеткен.
XS
SM
MD
LG