Accessibility links

АҚШ: Ресеймен арадағы ядролық келісімге Чехияда қол қойылады


АҚШ Ресеймен арадағы ядролық қаруларды азайту туралы келісімге Чехия астанасы Прагада қол қойылатындығын растады.

Сәрсенбі күні таңертең Чехия сыртқы істер министрлігі екі жақ арасындағы келіссөздер аяқталған соң аталмыш келісімге қол қою рәсімін Прагада өткізуге келіскен болатын.

Вашингтон мен Мәскеу келесі айда АҚШ-та өтетін ядролық басқосуға дейін жаңа келісім жасауды көздеп отыр. Стратегиялық қаруларды қысқарту келісімінің мерзімі желтоқсан айында аяқталған-ды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG