Accessibility links

Көкшетаулық компания «Любимый город» газетінен 2,5 миллион теңге талап етіп отыр


Көкшетауда «Эксперт Арсенал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп, сол қалада шығатын «Любимый город» газетін сотқа берді. Бұл туралы «Әділ сөз» қоры хабарлап отыр.

Арыз иесі басылымнан келтірілген залал ретінде 60 мың теңге және моральдық өтемақы ретінде 2,5 миллион теңге талап етіп отыр.

Бұл дауға «Любимый город» газетінде орыс тілінде жарық көрген «Балалар ереуілі» атты мақала түрткі болған. Онда Қазақстан Республикасының алғашқы президентінің интеллектуалды мектебіндегі сапасыз тамақ оқушылардың наразылығын тудырғандығы айтылған. Ал «Эксперт Арсенал» кәсіпорыны осы мектепті тамақпен қамтамасыз ететін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG