Accessibility links

Бүгінен бастап Қазақстандағы алғашқы ислам банкі өз жұмысын бастайды


Наурыздың 25-і күні Астана мен Алматы қалаларында жаңадан құрылған «Al Hilal» ислам банкі» өз жұмысын бастайды.

Қазақстанның Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «Al Hilal» ислам банкіне» банк операцияларын жүргізуге наурыздың 17-күні лицензия берген еді. Ол Біріккен Араб Әмірлігінің «Al Hilal» Әбу-Даби» акционерлік қоғамының еншілес банкі. Әбу-Даби үкіметіне қарасты бұл банктің 14 филиалы бар.

«Al Hilal» банкінің Қазақстандағы басқарма төрағасы Прасад Абрахамның айтуынша, «банк алғашқы кезде корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіп, жеке тұлғалардан депозиттер қабылдамақ».
XS
SM
MD
LG