Accessibility links

Татарстанның жаңа президенті қызметіне кірісті


Бүгін Татарстанда елдің жаңа президенті Рустам Минниханов ресми түрде өз қызметіне кіріседі. Ұлықтау рәсімі Қазан филармониясының үлкен концерттік залында өтеді.

Рустам Минниханов 12 жыл бойы республика үкіметін басқарып келді. Оның кандидатурасын үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында Ресей президенті Дмитрий Медведев бекіткен еді.

Татарстанның бірінші президенті Минтимер Шаймиев елді 20 жылдан аса басқарды.
XS
SM
MD
LG