Accessibility links

Долларға қарағанда еуро күрт арзандап барады


Еуропа Одағының ортақ валютасы – еуроның АҚШ долларымен айырбас бағамы соңғы 10 ай ішіндегі ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады.

Өткен сәрсенбі күні еуроның доллармен айырбас құны 1 пайыздан да көпке арзандап, 1 еуро - 1 доллар 33 центті құрады.

Оған еуроаумаққа кіретін 16 мемлекеттің Грекия экономикасын құтқару жөнінде өзара уәжге келе алмағаны себеп болып отыр.

Грекияға көмек көрсетуге Халықаралық валюта қорында тарту мүмкіндігі де сөз болуда. Алайда Халықаралық валюта қоры еуроаумақ елдеріне дағдарыс кезінде қаржылай көмек бөлуге қатыспаған көрінеді.
XS
SM
MD
LG