Accessibility links

АҚШ: денсаулық жүйесін реформалау сәл кідіреді


АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесін реформалау туралы жуырда ғана бекітілген заң жобасы Конгрестің Өкілдер паластының қарауына кейін қайтарылады.

Бейсенбі күні осы палатадағы демократиялық көпшіліктің көсемі Гарри Ридтің өкілі Джим Мэнли хабарлағандай, Конгрестегі республикалық конгрессмендер заң жобасындағы екі техникалық ақаулықты түзеуді талап етуде. Мэнлидің айтуынша, ол ешбір проблема туғызбайды.

Содан кейін заң жобасын Сенат құптап, президент Барак Обама қол қойып бекітуге тиіс. Оппозициядағы Республикалық партия демократтар қолдап отырған денсаулық сақтау жүйесін реформалауға қарсы. Президент Обама бұл реформаны өзінің ішкі саясатындағы басым міндетінің бірі есептейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG