Accessibility links

ІІ-Абдулла патша: «Израиль отпен ойнайды»


Иордания патшасы ІІ-нші Абдулла Израильдің іс-әрекеті салдарынан Таяу Шығыстағы бейбіт процеске қатер төнді деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Амманда сөйлеген сөзінде иордан патшасы Шығыс Иерусалимнің еврейлер кварталында жаңа тұрғын үйлер салғысы келген Израль «отпен ойнайды» деп атап көрсетті.

Осы аптаның соңында Ливияда Араб елдері Лигасының саммиті болып, форумда арабтардың 2002 жылғы бейбіт жоспарының тағдыры сөз болады. Ол жоспарда егер Израиль 1967 жылғы соғыстың барысында басып алған жерлерінен бас тартқан жағдайда, Израильді барлық араб елінің мойындайтыны айтылды. Басып алынған жерлердің ішінде Шығыс Иерусалим де бар.
XS
SM
MD
LG