Accessibility links

Астана: сот орындаушылары журналистке қол жұмсады


Бүгін, бейсенбі күні Қазақстан парламентінің Астана қаласындағы жатақханасынан Қазақстан азаматшасы Ақтоқты Түсіпті күштеп көшіру кезінде сот орындаушылары «31 арна» телекомпаниясының тілшісі әрі Азаттық Радиосының штаттан тыс тілшісі Жұлдыз Төлеуге қол жұмсады деген шұғыл хабар жетті.

Жұлдыздың өзі сот орындаушыларының өзінен журналистік құжаты мен телекамерасын тартып алу үшін өзіне күш жұмсап, кеудешесін жыртқанын растады.

Заң талабын бұзып аты-жөндерін айтудан жалтарған сот орындаушыларының әріптесімізге күш жұмсап, төлқұжаты мен телекамерасын және оның бейнетаспасын тартып алмақ болғандарын, сондай-ақ журналист қыздың кеудешесін жыртқанын «Лайықты баспана» қоғамдық ұйым жетекшілерінің бірі Гүлбаршын Сәдуақасова толық растады.

Оның айтуынша, келіссөздің нәтижесінде Ақтоқты Түсіпті жатақханадан көшіру жұма күнгі күндізгі сағат 15-ке дейін қалдырылды. Жұлдыз Төлеуге оның журналистік төлқұжаты мен телекамерасы қайтарылды. Алайда телекамера мен бейнетаспаға зиян тиген-тимегені белгісіз.

Жұлдыз Төлеу өзінің журналистік кәсібі үшін осы мен екінші рет жапа шегіп отыр.
XS
SM
MD
LG