Accessibility links

«Алға» партиясының белсенділері ұсталды


Бүгін Алматының орталығында полиция тіркелмеген оппозициялық «Алға» (ҚДТ) партиясының Сергей Козлов бастаған белсенділерін ұстады. Ол туралы Азаттық Радиосына партияның баспасөз-хатшысы Стелла Огай хабарлады.

Оның айтуынша, партия белсенділері «ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық атом компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев пен оның бұрынғы оққағары Талғат Қыстаубаевқа қолдау білдірген үн-қағаздарын тарату кезінде ұсталды.

«Алға» партиясының мәлімдемесінде М.Жәкішев пен Т.Қыстаубаевтың істерін әділ сотта қарауды және олардың азаматтық құқықтарын қамтамасыз ету талап етіледі.

Ұсталғандар Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Олар митинг өткізу заңын бұзды деп айыпталуда.
XS
SM
MD
LG