Accessibility links

Түркияның Швециядағы елшісі Стокгольмге қайта оралады


Түркияның Швециядағы елшісі жақын күндері өз жұмысына қайта кіріседі. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу хабарлады. Сарапшылар Анкараның бұл шешімін Армениямен арадағы қарым-қатынасын жақсарту талпынысы ретінде бағалап отыр.

Түрік елшісі Зергун Корутюрк осыдан екі апта бұрын, швед парламенті Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде Осман империясында армяндардың жаппай қырылуын геноцид деп тану туралы қарар қабылдағаннан кейін, Стокгольмнен кері шақыртылған еді.

Түркия армяндардың жаппай қырылуын империя аймағындағы азаматтық жанжалдармен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG