Accessibility links

АҚШ-та хакерлер басшысы 20 жылға сотталды


АҚШ соты интернет арқылы миллиондаған американдықтың несие карточкалары туралы мәліметтерді ұрлаған компьютерлік хакерді 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

28 жасар Альберт Гонсалеске өткен жылы ірі американдық компаниялардың компьютерлік желісіне енді деген айып тағылған еді. Сондай-ақ Гонсалес хакерлер тобын басқарған деп күдіктелді. Тергеушілер бұл топтың құрамында Ресей және Украина азаматтары да бар деп есептейді.

Гонсалес тобындағы хакерлер 200 миллион доллар шығын келтірді деп бағаланды.
XS
SM
MD
LG