Accessibility links

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қауіпі сейілмеді


Шығыс Қазақстан облысында жаңа су тасқыны болу мүмкін деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Табиғи апат аймақтағы 36 мыңнан астам тұрғыны бар 36 елді-мекенге қауіп төндіріп тұр. Қызылжұлдыз, Есім, Қарой, Уан, Ескісұлутал және Қабанбай ауылдары аса қауіпті аймаққа жатқызылды.

Көкжыра, Жантікей, Көктүбек ауылдарында су тасқыны әлі басылған жоқ. «Апат зардабының мөлшерін анықтау мүмкін болмай отыр» деп хабарлады министрлік.

18-ші наурызда басталған су тасқынынан облыста 7 400 тұрғын эвакуацияланды, 1 140 тұрғын үй су астында қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG