Accessibility links

АҚШ конгресі денсаулық сақтау реформасын қабылдады


АҚШ конгресі денсаулық сақтау реформасы туралы заң жобасын бекітті. Құжатты АҚШ президенті Барак Обама ұсынған болатын.

Хабарларға қарағанда, қауымдар палатасындағы 220 депутаттың 207-сі заңға өзгерту енгізуді қолдап дауыс берді. Бұған дейін құжатты сенат қабылдаған болатын. Енді заң жобасы АҚШ президентіне қол қоюға беріледі. Обама бұл реформаны ішкі саясаттағы басты бағыттарының бірі ретінде атады.

Реформа барысында барлық американдықтар жалпы медициналық сақтандыру куәлігін алуы тиіс, ал оны сатып алуға жағдайы жоқтарға субсидия ретінде беріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG