Accessibility links

Қазақстанда сенбі күні мәслихат сайлауы өтеді


Қазақстанның бірқатар аймақтарында 28-ші наурызда жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға депутаттарды сайлау ұйымдастырылады деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау республиканың 13 аймағында 317 сайлау учаскесінде өтеді. Соның нәтижесінде 11 облыстық, 7 қалалық және 34 аудандық мәслихаттың депутаттары сайланады.

Сайлау науқаны барысында 149 үміткер өтініш берді, оның 54-і саяси партиялардың атынан тіркелді.
XS
SM
MD
LG