Accessibility links

Судья Жолдасбековпен кездесуге Жәкішева қатыстырылмады


«Қазатомпром» компанияның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісін қараған судья Нұржан Жолдасбековтың жұма күні Астанада өткізген брифингіне топ-менеджердің зайыбы Жәмила Жәкішева қатыстырылмады деп хабарлады ҚазТАГ.

Жәкішеваның пікірінше, өзін судьямен кездесуге жібермеген билік өкілдері оның «сұрақтарынан қорқады».

Судья Жолдасбеков Жәкішеваның баспасөз конференциясына жіберілмеуін: «қояр сұрақтары болса, менің қабылдауыма жазылсын» деп түсіндірді.

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұрлан Жолдасбеков 12-ші наурызда Мұхтар Жәкішевті 14 жылға, оның оққағары Талғат Қыстаубаевты 6 жылға соттау туралы үкім шығарды.

Айыпталушылардың адвокаттары қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсіретіндіктерін мәлімдеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG