Accessibility links

ЕуроОдақ Грекияны қиындықта жалғыз қалдырмайды


Грекия экономикасын құтқару жоспарын Еуроаумағына кіретін 16 мемлекет түгел қолдады. Бұл жоспарды Германия мен Франция ұсынды.

Грекияға көрсетілетін көмектің сомасы 22 миллиард еуроны құрайды. Бұл қаржының басым бөлігін еуроаумаққа кіретін елдер береді. Қаржылай көмек көрсетуге Халықаралық валюта қоры да қатысады.

Алайда көмек беру шаралары халықаралық қаржы нарықтарынан Грекия толығымен немесе жартылай өзіне қажетті несие таба алмаған жағдайда ғана күшіне енетін болады. Осылайша ЕуроОдақ Грекияны қиын кезде жалғыз қалдырмайтынын анық байқатты, бірақ сонымен бірге Грекияны өзінің де қиындықтан шығудың жолын іздеуге шақырды.

Грек премьер-министрі Георгиос Папандреу Брюссельде қабылданған осы шешімдерге алғысын білдірді.
XS
SM
MD
LG