Accessibility links

Ватикан New York Times-тың айыптарына жауап берді


Ватикан өзінің ресми l'Osservatore Romano газетінде «New York Times газетіндегі мақалаға қатысты. Ештеңе жасырылмайды» деген айдармен мақала жариялады. Мақалада журналистер қайткен күнде де XVI Бенедикт пен оның жақын қызметкерлеріне соққы беруді көздейді делінеді.

l'Osservatore Romano газетінің пікірінше, 1950-1974 жылдары АҚШ-тың Висконсин штатындағы құлағы естімейтін кемтар балалардың мектебінде істеген Лоуренс Мерфи әкейдің «педофилиямен айналысты» деген ісін жасыру болған жоқ, керісінше ол фактыларды бұрмалау мен ол іске түрліше реңк беру жайттары кең етек алды.

Оның мақсаты, - делінеді мақалада, - оқырмандардың нәпсіқұмарлық жайттарға шіркеу жауапты деген пікірін туғызу.

Ватиканның ресми басылымының мәлімдеуінше, Рим Папасы XVI Бенедикт дін қайраткерлері мен шіркеу қызметкерлерінің түрлі нәпсіқұмарлық әрекеттеріне қатысты ашық, табандылық және қатаң көзқараспен қару қажеттігін талап етеді.

New York Times газетінде жарық көрген мақалаға ресми Ватикан осындай жауап қайырды.
XS
SM
MD
LG