Accessibility links

Пәкістанда тағы 20-дан аса экстремист жойылды


Жұма күні Пәкістанның солтүстігінде экстремистермен арадағы қақтығыста үкімет армиясының 5 жауынгері оққа ұшты. 20-дан астам экстремистің көзі жойылды.

Пәкістан армиясы басшылығының хабарлауынша, шайқас Ауғанстан шекарасы бойындағы таулы Орақзай ауданында болды.

Өткен бейсенбі күні діни семинария мен мешітке және мектепке әуеден соққы беріліп, 60-тан көп экстремист қаза тапты. Экстремистер осы ғимараттарға бекініп алған көрінеді.

Оракзай ауданында Пәкістандағы тәліптердің көсемі Хакимулла Мехсудқа бағынатын экстремистер белсенді әрекет етеді. Оның АҚШ күштерінің әуе соққысынан қаза болғаны қаңтар айында хабарланды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG