Accessibility links

Кремль Минскінің шағымын «коммерция» деп есептейді


Ресейдің мұнай өнімдерінің экспортына кеден салығын салуына қатысты Беларуссияның шағымы – ол саясат емес, коммерция. Ресейдің сыртқы істер министрі осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл проблеманы 2 елдің тиесілі мекемелері талқылауға тиіс.

Беларуссияның шағымы ТМД-ның Экономикалық сотына келіп түскенін жұма күні осы соттың төрағасы Файзулло Абдуллоев растады. Егер шағым қабылданатын болса, - деп атап көрсетті Абдуллоев, - оны қарау жарты жылдай жалғасады.

Ресми Минск мұнай өнімдеріне салынатын кеден салығы өзінің бірқатар мұнай химиясы кәсіпорнының тоқтап қалуына себеп болатынын айтып, оны жоюды талап етеді.

ТМД-ның Экономикалық сотының шешімі ұсыныс ретінде ғана қаралады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG