Accessibility links

Халықаралық ұйым Қазақстандағы сөз бостандығына алаңдайды


«Шекарасыз репортерлер» халықаралық ұйымы Қазақстандағы оппозициялық «Свобода слова» газетінің тілшісі Игорь Ларраға қарсы жасалған шабуылға ащы наразылық білдірді.
«Халықаралық ұйым журналист Ларраға жасалған шабуылдан шошып, Қазақстандағы сөз бостандығының халіне алаңдайды», делінеді аталған ұйымның мәлімдемесінде.

Ұйымның мәліметі бойынша, Игорь Ларраға 22 наурыз күні Ақтөбедегі өз үйінің маңында 3 бейтаныс адам шабуыл жасап, аяусыз соққыға жығып кетті. Қазір ол жағы мен мұрны сынып, басына түрлі зақым тиіп өз үйінде жатыр.

Журналистің айтуынша, қаскүнемдер «Ларра, бұл саған Жаңаөзеннен сәлем!» деген көрінеді. Міне осы факт журналистке кәсіби қызметі үшін шабуыл жасалғанын бұлжытпай дәлелдейді, - деп мәлімдейді «Свобода слова» газетінің редакциясы.

Редакция мен Халықаралық журналистік ұйым бұл қылмыстың тиянақты тергеліп, жауаптылардың тиесілі жазаға тартылуын талап етеді.
XS
SM
MD
LG