Accessibility links

Әуе қорғанысында НАТО Ресеймен ынтымақтасады


НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен сенбі күні Солтүстікатлантикалық одақты өзіне мүше елдерді зымырандық шабуылдан қорғайтын жүйені құруды өзінің басым міндетінің бірі етіп алуға шақырмақшы.

Расмуссенің Брюссельдегі НАТО-ның конференциясында жасайтын баяндамасының жұма күні жарияланған үзіндісінде осы мәселе бойынша Ресеймен ынтымақтастық орнату үшін Солтүстікатлантикалық одақтың «бар мүмкіндікті пайдалануға тиіс екені» айтылады.

Бас хатшының пікірінше, НАТО-ның атынан зымырандық шабуылдан қорғану жүйесін құру қажеттігі Иран жағынан зымырандық соққы беру қатерінің өсе түсінен туып отыр.
XS
SM
MD
LG