Accessibility links

Ақ үй мен Кремль жаңа келісімге 8 сәуірде қол қояды


Жұма күні Ақ үй хабарлағандай, АҚШ пен Ресей президенттері Барак Обама мен Дмитрий Медведев стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы жаңа келісім-шартқа Прага қаласында 8 сәуір күні қол қоюға уағдаласты.

Хабарда айтылғандай, «қаруды күрт қысқарту екі елдің де қауіпсіздігін нығайта түседі және бұл шара ядролық қауіпсіздікті нығайту мен ядролық қаруды кең таратпау ісінде Ресей мен Американың жетекшілік рөлін растайды».

Жаңа келісім-шартта ядролық оқтұмсықтар мен құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыратын қондырғылар мен сүңгуір қайықтарды және ядролық бомбалар тиеген стратегиялық ұшақтардың сандарын 1991 және 2002 жылы Мәскеуде қол қойылған келісімдерден де күрт қысқарту қарастырған.
XS
SM
MD
LG