Accessibility links

АҚШ пен Ресей ядролық келісім бойынша мәмілеге келді


Құрама Штаттар мен Ресей қырғы қабақ соғыс кезіндегі ядролық зымырандар мен оқтұмсықтар санын азайтуды қарастыратын жаңа келісім бойынша бір мәмілеге келді.

Ақ үй мен Кремлден хабарланғандай, президент Барак Обама мен президент Дмитрий Медведев стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімнің орнын басатын жаңа ядролық келісімге сәуірдің 6-да Прагада қол қояды.

АҚШ президенті Обама бұл келісім 20-шы ғасырдың мұрасын артқа қалдырып, балаларымыз үшін қауіпсіз болашақ құру үшін жасалған тағы бір қадам деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG