Accessibility links

"Ирақия" блогы үкімет құру келіссөздеріне дайын екенін айтты


Ирақтың парламент сайлауында жеңіске жеткен коалиция үкіметті жасақтау келіссөздеріне дайын екенін мәлімдеді. "Ирақия" коалициясының жетекшісі экс-премьер Айад Алави келіссөздер тезарада әрі барлық партиялармен жүретін болады деді.

Осының алдында Ирақ парламенті сайлауының ресми қорытындысы жарияланып, онда бұрынғы премьер-министр Айад Аллавидің "Ирақия" блогы қазіргі премьер-министр Нури әл-Мәлики партиясынан екі дауыс артық жинағаны мәлім болған. Парламенттің 325 орындық өкілдер кеңесінен Ирақия 91 орынды иеленсе, әл-Мәликидің "заң одағы" блогы 89 орынды місе тұтқан.

Сонымен қатар шииттік топтардан тұратын Ирақтың ұлттық альянсы 70 орынға, Күрдістания 43 орынға қол жеткізіп отыр. Тағы 17 орынды тәуелсіз кандидаттар мен кішірек партия өкілдері бөліссе, 15 орын діни және этникалық топтарға тиетін болады.

Ирақта парламенттік сйлаулар наурыздың 7-де өткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG