Accessibility links

Ирақтағы жарылыстан 42 адам қаза тапты


Бүгін Бағдадтың солтүстігінен 65 шақырымдай жерде жатқан Дияла провинциясында болған екі жарылыстан 42 адам қаза болып, 65-тен аса кісі жарақат алды.

Жараланғандар арасында балалар мен әйелдер де бар. Жарылыс Халес қаласының орталығында орын алды.

Бұл шабуылдар наурыздың 7-де өткен Ирақтың парламенттік сайлауының ресми қорытындысы жарияланған тұста болды.
XS
SM
MD
LG