Accessibility links

НАТО Ресейді қауіпсіздік шатыр құруға көмектесуге шақырды


Бүгін НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресейдің қатысуымен режимі тұрақсыз елдерден болуы мүмкін зымыран шабуылдарына қарсы кең көлемді қауіпсіздік шатырын құруға шақырды.

Расмуссен бұл туралы Брюсселдегі НАТО конференциясында айтып, мұндай қорғаныс ядролық қару қаупі күшейіп отырғанда қажет деді. Оның айтуынша, бұл тұрғыда зымырандары Еуропа мен Ресейдің бір бөлігіне жете алатын Иран елінің ядролық бағдарламасы назарға ілініп отыр.

НАТО бас хатшысы алдағы қараша айына дейін НАТО елдері зымыран қорғанысы жүйесіне қатысты бір шешімге келу керек.
XS
SM
MD
LG