Accessibility links

Жылдық "жер сағаты" акциясы бойынша жарық өшірілді


Әлемнің бірқатар елдерінде энергия көзін сақтауға бағытталған жылдық шараға қатысушылар кешкісін үйдің шамдары мен монументтердегі жарықтарды өшіріп, электр қуатын үнемдеу мақсатында бір сағат уақытты қараңғыда өткізді.

Осындай шараны Азия елдерінен кейін Сиднейдегі Опера үйі де алғашқылардың бірі болып жасады. Жылдан-жылға бұл акцияға қатысушылар саны артып келеді.

"Жер сағаты" акциясын ұйымдастырушылар осы жылғы шараға 120 елдің 4 мыңнан аса қаласының тұрғындары қатысады деп күтіп отыр. БҰҰ-ның қолдауымен жылына бір рет өтетін энергия көзін үнемдеу шарасына өткен жылы 88 қала қатысқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG