Accessibility links

Еуропа Одағы АҚШ-Ресей келісімін қоштады


Еуропа Одағы Ресей мен Құрама Штаттар арасында қол жеткен жаңа келісімді мадақтап, бұл қарусыздану жолындағы айтарлықтай прогресс деді.

ЕуроОдақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон АҚШ-Ресей келісімі халықаралық қауымдастықтағы қауіпсіздікті толығымен күшейтеді деп айтты.

Вашингтон мен Мәскеу жұма күні 1,550 оқтұмсық санын азайтуға бағытталған ядролық келісімді мақұлдаған. Президент Барак Обама мен президент Дмитрий Медведев стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімнің орнын басатын жаңа ядролық келісімге сәуірдің 6-да Прагада қол қояды.
XS
SM
MD
LG