Accessibility links

Аббас Израилмен арағайын арқылы келіссөз өткізуге қарсы


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас сенбі күні Израиль еврей қоныстарын салу саясатын өзгертпесе, АҚШ-тың арағайындығымен келіссөздер өткізілмейді деді.

Аббас бұл туралы Ливияда өтіп жатқан Араб елдері лигасының саммитінде айтып, Израиль өзінің қоныстану саясаты мен қазіргі жағдайда қала берсе, біз бейбіт келіссөздерді жалғастыра алмаймыз деген.

Осының алдында ғана БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Араб жетекшілерін АҚШ-тың жетекшілігіндегі Таяу Шығыс бейбіт келіссөздеріне қолдау танытуға шақырған. АҚШ-тың Израиль-Палестина арасындағы бейбіт келіссөздерді қайта бастау бастамасы Израилдің Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салу шешімінен кейін тұралап қалған.
XS
SM
MD
LG