Accessibility links

Иран жаңа ядролық зауыт салуы мүмкін деп хабарланды


"Нью-Йорк Таймс" басылымының хабарлауынша, Теһран уран байытатын тағы бірнеше зауыт салуды жоспарлап жатқан болуы мүмкін. Аталмыш басылым атын атағысы келмеген үкіметтік және халықаралық агенттіктердің ресмилеріне сілтеме жасай отырып, халықаралық инспекторлар мұндай зауыттардың салынып жатқандығына дәлелдердің бар-жоқтығын тексеріп жатыр деп хабарлады.

Иранның атом энергиясы бойынша ұйымының басшысы Али Акбар Салехи уран байытатын екі зауыттың құрылысы наурыздың 21-нен кейін басталуы мүмкін деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG