Accessibility links

НАТО Ресейді "қауіпсіздік шатырын" құруға шақырды


НАТО басшысы қауіпті елдерден жасалуы мүмкін зымыран шабуылдарымен күресу үшін Ресейді қамтитын кең "қауіпсіздік шатырын" құруға шақырды. Бұл туралы Андерс Фог Расмуссен жексенбі күні Брюсселдегі НАТО конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, сөз болып отырған мемлекеттердің ішінде Иранның зымырандары Еуропа мен Ресейдің бір бөлігіне жете алады.

Расмуссен НАТО-ны қараша айында Лиссабонда өтетін келесі басқосуға дейін міндетті түрде зымыраннан қорғанысқа байланысты шешім шығаруға шақырды.
XS
SM
MD
LG