Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдардан 11 адам көз жұмды


Ауғанстанда орын алған бірнеше жарылыстан 11 адам, олардың ішінде 5 бала қаза тапты. Ресмилердің айтуынша, балалар сенбі күні елдің батысындағы Херат өлкесінің Ангил ауданында болған жарылыстан қаза тапқан. Ал қалған 6 адам сенбі күні елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған жарылыстан құрбан болған.

Билік орындары бұл шабуылдарға байланысты Талибан бүлікшілерін айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG