Accessibility links

Араб лигасының саммиті аяқталды


Ливияда Араб лигасының саммиті аяқталды. Наурыздың 27-де Араб лигасының басшысы Амр Мусса осы ұйымға мүше 22 елді аймақтағы Иранның ықпалы мен даулы ядролық бағдарламасына байланысты алаңдаушылықтарға орай Теһранмен тікелей келіссөз өткізуге шақырды.

Мусса сондай-ақ Израилге қоныстарды кеңейту жоспарына байланысты ескерту жасады. Израилдің бұл әрекеті Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісіне кедергі жасауы мүмкін деді Араб лигасының жетекшісі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG