Accessibility links

Мәскеу метросында кемінде 35 кісі қаза тапты


Бастапқы мәлімет бойынша, Мәскеу метросындағы қастандық жарылыстарды жанпидашыл-әйелдер жүзеге асырды. Ол туралы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі құрған төтенше штаб хабарлады.

Төтенше жағдайлар бойынша министрліктің дерегі бойынша, 2 жарылыстың салдарынан кем дегенде 35 адам қаза болып, 40 кісі жараланды.

Бірінші жарылыс таңғы сағат 8 шамасында метроның «Лубянка» бекетіндегі поезда, екіншісі - «Парк культуры» бекетіндегі поезда болды.

Қазір апат болған жерде құтқарушылар мен дәрігерлер және тергеушілер жұмыс істеуде.
Мәскеу милициясы күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді. «Қызыл жол» бойынша метро қозғалысы «Спортивная»-дан «Комсомольская» бекетіне дейін тоқтатылды.

Ақпарат әлі түсіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG