Accessibility links

«Үлкен сегіздік» Канадада Иран мәселесін талқылайды


Дүйсенбі күні «Үлкен сегіздік» елдерінің сыртқы істер министрлері Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды талқылайды. 2 күндік бас қосу Канаданың Квебек өлкесіндегі Гатино қаласында өтеді.

Ресми Вашингтон Иранға қарсы төртінші халықаралық санкциялардың қабылданғанын талап етуде.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесінің ішінен әзірше тек Қытай ғана Вашингтонды қолдамай келеді.

Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейді деп мәлімдеп, уранды байытуын тоқтатпай отыр. Халықаралық қауымдастық Иран астыртын түрде ядролық қару жасап алуға ұмтылады деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG