Accessibility links

Мәскеуде 2 терроршыл әйелге іздеу жарияланды


Тергеудің жорамалы бойынша, Мәскеуде 2 жарылысты іске асырған жанпидашыл 2 әйелді метроның кіреберісіне дейін шығарып салған тағы 2 әйелге іздеу жарияланды.

Ресей прокуратурасына қарасты тергеу комитетінің хабарлауынша, осы жарылыстардың салдарынан 38 адам қаза болып, жараланғандардың саны 65-ке жетті.

Бірінші жарылыс таңғы сағат 8 шамасында метроның «Лубянка» бекетіндегі поезда, екіншісі - «Парк культуры» бекетіндегі поезда болды.

Қазір апат болған жерде құтқарушылар мен дәрігерлер және тергеушілер жұмыс істеуде.
Ресейдің Төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің шұғыл психологиялық көмек орталығы жапа шеккендер мен қаза болғандардың туыстарына қолдау көрсету үшін «шұғыл телефон желісін» ашты.

Мәскеу милициясы күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді. «Қызыл жол» бойынша метро қозғалысы «Спортивная»-дан «Комсомольская» бекетіне дейін тоқтатылды.
Ақпарат үзілмей келіп жатыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG