Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-нің тікұшағы апатқа ұшырады


НАТО басқаратын Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштері хабарлағандай, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль өлкесінде соғыс тікұшақтарының бірі апатқа ұшырап,
14 адам жараланды. Халықаралық күштердің мәлімдеуінше, апаттың себептері тергелу үстінде, бірақ тікұшақты тәліптер атып құлатты деуге еш белгісі жоқ.

Алайда Талибан қозғалысы тікұшақты өзінің сарбаздары атып құлатып, ондағы барлық жауынгерді түгел өлтіргенін мәлімдеген болатын. Жергілікті шенеунектер халықаралық күштердің 9 жауынгері мен 5 ауған жауынгерінің жараланғанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG