Accessibility links

Әлем Мәскеу метросындағы қастандықты айыптады


Халықаралық қауымдастық Мәскеу метросында жанпидашыл-әйелдер іске асырған жарылыстарға ащы наразылық білдіруде.

НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресейдің халықаралық терроризмге қарсы күресіне жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Оның ерекше атап көрсеткеніндей, бейкүнә халыққа шабуыл жасауды ақтауға еш болмайды.

Еуропаламенттің төрағасы Еже Бузек те жарылыстарды тергеуге көмек беруге әзір екенін және Ресейді қолдайтынын мәлімдеді.

Франция президенті Николя Саркози экстремистердің шабуылдарына тойтарыс беру ісінде Ресейді қолдайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG