Accessibility links

Неміс канцлері 2 күндік сапармен Түркияға келді


Германия канцлері Ангела Меркель 2 күндік ресми сапармен Түркияға келді. Түркияның Еуропа Одағына мүше болып қабылдануы жоспары бойынша ресми Анкара мен Берлиннің арасындағы қарама-қайшылық бұл сапардың шырқын бұзуы мүмкін.

Неміс канцлері А.Меркель Түркияны ЕуроОдаққа толық мүшелікке қабылдамай, ЕуроОдақпен «айрықша ынтымақтастық» орнатуды ұсынды. Оған түрік үкіметі табанды түрде қарсы шықты.

Германия – Түркияның ең үлкен сауда әріптесі, 3 миллион түрік Германияда тұрады.

Сапарының барысында А.Меркель Түркия премьер-министрі Режеп Эрдоганмен және түрік президенті Абдулла Гүлмен кездесуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG